Қазақстанда 1 маусымға дейін QR-кодты кімдер алуы керек

20 мамыр 2021, 18:17

Мамыр айының соңына дейін көтерме және бөлшек саудамен айналысатын кәсіпкерлер жеке QR-код алып үлгеруге тиіс. Бұл туралы Қазақстанның қаржы министрлігі хабарлады.

 

"Осы жылдың 1 маусымына дейін жабық базарларда, сауда үйлері мен павильондарда көтерме және бөлшек саудамен айналысатын кәсіпкерлер жеке QR-код алуы қажет. Бұл шара сатып алушыларға көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді", - делінген ведомство баспасөз қызметінің хабарламасында.

 

Министрліктің мәліметінше, QR-код дүкендерді сәйкестендіру үшін керек.

 

Мәселен, егер сатушы фискальды чек бермесе, банк картасын қабылдаудан бас тартса, тауар сертификатын немесе лицензиясын көрсетпесе, сатып алушы QR-кодты сканерлеп, қағаз күйінде немесе мобильді қосымша арқылы мемлекеттік кірістер органдарына тікелей шағымдануға құқылы.

 

 

 

sputnik.kz