Нарық

Қазақстанда 2020 жылдан бастап мәдениет қызметкерлерінің жалақысы көбейеді

  • © Тengrinews.kz

    © Тengrinews.kz

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған жолдауында келесі жылдан бастап мәдениет қызметкерлерінің жалақысын көбейтуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Біз мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз. Бұл - ең алдымен кітапхана, музей мен театр қызметкерлеріне қатысты мәселе. Олардың еңбекақысы соңғы жылдары мүлдем көбейген жоқ. Соның салдарынан мәдениет қызметкерлері, әсіресе, жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды", - деді Тоқаев алғашқы жолдауында.


Оның айтуынша, қазіргі жағдай мәдениет қызметкерлерінің беделін түсіріп отыр. Ал, ең бастысы, осы салаға лайықты мамандар келмейді.


"Келесі жылдан бастап үкімет мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуі тиіс. Сондай-ақ, білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы міндетті әлеуметтік жеңілдіктер мәдениет саласының өкілдеріне де берілуі керек", - деп атап көрсетті президент.


 




Көрілген: 677    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.09.2019, 17:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30