Қазақстанда 600 мыңнан астам адам үй кезегінде тұр

23 мамыр 2022, 20:49

ҚазАқпарат - Бүгінгі күнде елімізде тұрғын үй кезегінде 600 мыңнан астам азамат тұр. Бұл туралы ҚазАқпарат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оның 215 мыңы көпбалалы отбасылар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, жетім балалар, мүгедек балалары бар отбасылар сияқты әлеуметтік әлжуаз топтарға жатады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша, тұрғын үй кезегінде тұрған 70 мың азаматтың кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейін құрайтындығы анықталды. Азаматтардың бұл санатының олардың мүмкіндіктерінің шектеулілігіне байланысты тұрғын үй мәселесін шешу қажеттігі өткір тұр.

Ал қалған азаматтарға олардың қаржылық мүмкіндігіне орай жеңілдетілген несиелеу бағдарламалары қарастырылған.

Азаматтардың жекелеген санаттарының тұрғын үй мәселесін шешуді жеделдету бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жеке тұрғын үй қорынан баспананы жалдау төлемақысын төлеу механизмі енгізіл ген еді.