Қазақстанда 6,2 млн адамның банктерде кредиті бар

11 мамыр 2022, 13:03

Қазақстанда 6,2 млн адамның банк алдында қарызы, яғни несиесі бар. Бұл туралы Мәжілістің кулуарында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова айтты.
 
 Банктерде 6,2 млн жеке тұлғаның, яғни адамның несиесі бар. Оның ішінде банктердің балансында 430 мыңға жуық кредит алушының проблемалық кредиттері бар. Ал қалғандары микроқаржы ұйымдары. Сонымен қатар банктерде баланстан тыс есепте бірталай проблемалық кредит алушы бар, - деп айтты агенттік төрағасы.

BAQ.KZ