Нарық

Қазақстанда 8 процентпен кредит беріледі

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Ұлттық банк шағын және орта кәсіпкерлерді жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасының бекітілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан банктің ресми сайтына сілтеме жасап.

 

Банктің мәліметінше жаңа бағдарлама короновирус пандемиясына және оның Қазақстан экономикасына теріс ықпалына байланысты төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау үшін жасалды. Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев та тиісті тапсырма берген. Осылайша Ұлттық банк қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасын әзірледі.

 

"Бағдарламаны іске асыру үшін екінші деңгейлі банктерде негізделген салымдарды орналастыру арқылы 600 миллиард теңге бөлінді. Бизнесті қолдау тетігі екінші деңгейлі банктердің төтенше жағдайдың енгізілуі салдарынан зардап шеккен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, жеке кәсіпкерлерге 12 айға дейінгі мерзіммен жылдық 8%-тен аспайтын мөлшерлеме бойынша айналым қаражатын толықтыруға жеңілдікпен кредиттер беру арқылы іске асырылады", - делінген ресми хабарламада.

 

Екінші деңгейлі банктер бөлінген қаражатты 3 айдың ішінде игеруі тиіс. Бағдарламаның операторы – Ұлттық банк жанындағы "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ. Кредиттер 13 банк арқылы беріледі.

 

"Бағдарламаға қатысушы банктерге бөлінген қаражатты мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алуға, басқа банкттердегі депозиттерге орналастыруға, шетел валютасын сатып алуға және өзге де мақсатқа пайдалануға тыйым салынады. Қазақстан қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Қазақстанның орнықтылық қоры" АҚ-мен бірлесіп кәсіпкерлерге берілген жеңілдікті кредиттердің уақытылы және нысаналы пайдаланылуына ай сайынғы негізде мониторинг жүргізеді", - делінген бірлескен мәлімдемеде.

 




Көрілген: 568    Пікірлер: 0

жексенбі, 22.03.2020, 22:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 18:20
    Жалақымен баюға бола ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30