Нарық

Қазақстанда азық-түлік бағасы қымбаттауына байланысты 8 тергеу басталды

  • Қазақстанда азық-түлік бағасы қымбаттауына байланысты 8 тергеу басталды

    Қазақстанда азық-түлік бағасы қымбаттауына байланысты 8 тергеу басталды

Премьер-министр Асқар Мамин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды PrimeMinister порталы.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бағаны төмендету туралы 68 хабарлама шығарды, 8 тергеу тағайындалды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары сауда үстемесінен асып кету және сыйақы алудың 46 фактісі анықталды.Бұл жағдайлар Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, Қостанай, Қарағанды, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелген. Осы өңір басшыларына шекті сауда үстемесінен асыра белгілеген сауда нысандарын жауапкершілікке тарту жөнінде шұғыл шаралар қабылдау қажеттігі атап өтілді.

 
"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу мәселесі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауында. Азық-түлік бағасы – бұл әлеуметтік өзекті мәселе. Үкімет инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешенін, бірінші кезекте агроөнеркәсіп кешені секторындағы құнды қалыптастырудың бүкіл тізбегі бойында бағаларды тұрақтандыруды іске асырады", - деді Мамин.

Ауа райының қолайсыздығы негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары шығымдылығының төмендеуіне алып келді. Осыған байланысты бағаның өсуі, сондай-ақ көрші елдер ауыл шаруашылығы өніміне сұраныстың артуы байқалады. Биыл 8 айда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі 9,7%-ке жетті.


Елімізде ең төменгі жалақы мөлшері артады: Қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі жақсара ма?
Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Соңғы айда бағаның 0,7 процентке төмендеуі байқалады. Инфляцияға қарсы ден қою шаралары аясында 2021 жылы "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" 87 миллиард теңгеге ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуды жоспарлап отыр.

Бұл ретте сатып алынатын дақылдардың тізбесі 4-тен 9-ға дейін кеңейтілді: жұмсақ бидай, қатты бидай, арпа, сұлы, күнбағыс, рапс, зығыр, соя, қарақұмық. Аталған өнімдер ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін, оның ішінде ұн тарту кәсіпорындарына, құс және мал шаруашылығы шаруашылықтарына өткізу үшін пайдаланылатын болады.

Премьер-министр әкімдіктер мен министрліктерге инфляцияға қарсы ден қою шаралары кешенінің уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.




Көрілген: 781    Пікірлер: 0

сенбі, 25.09.2021, 19:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қараша, 14:31
    Мұнай күрт қымбаттады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31