Нарық

Қазақстанда азық-түлік бағасының өсу себебі түсіндірілді

  • Қазақстанда азық-түлік бағасының өсу себебі түсіндірілді

    Қазақстанда азық-түлік бағасының өсу себебі түсіндірілді

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов азық-түлік бағасының қымбаттау себептерін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, жыл басынан бері азық-түлік бағасы 4,8%-ға өскен. «Қымбаттаудың негізгі себебі – импорттық өнімдерге бағаның өсуі болып отыр. Бізде бірқатар өнім бойынша импортқа тәуелділік бар, мысалы қант импортына – 60%, қарақұмыққа – 11%, күнбағыс майына – 22%, тауық етіне – 20%. Осы позицияларда бағаның ең жоғары өсуіне жол берілген. Біз өз кезегімізде бағаның қымбаттауының экономикалық себептерін көріп отырмыз және жедел сипаттағы бірқатар шара қабылдадық. Талдау қорытындысы бойынша, нарық қатысушыларына бағаның төмендету туралы 48 ескерту жіберілді. Бұл ескертулердің шамамен 70%-ы ерікті түрде орындалды және бағалар төмендетілді. Бүгінде бағаның өсу қарқыны 0,6% - дан 0,2% -ға дейін төмендеді», - деді Р. Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Бұған дейін спикер «Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның» негізгі бағыттарын айтып берген еді.
ҚазАқпарат.




Көрілген: 646    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.05.2021, 21:28

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30