Нарық

Қазақстанда бала күтімі бойынша жәрдемақы мөлшерін арттыру ұсынылды

  • Қазақстанда бала күтімі бойынша жәрдемақы мөлшерін арттыру ұсынылды

    Қазақстанда бала күтімі бойынша жәрдемақы мөлшерін арттыру ұсынылды

  • Қазақстанда бала күтімі бойынша жәрдемақы мөлшерін арттыру ұсынылды

    Қазақстанда бала күтімі бойынша жәрдемақы мөлшерін арттыру ұсынылды

Депутат Сқақова Айжан Амангелдіқызы бала күтімі бойынша ата-аналарға көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмектің мөлшері аз екенін айтып, жәрдемақыны арттыруды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет басшысы Асқар Маминнің орынбасары Ералы Тоғжановқа сауал жолдаған депутат қазіргі таңда балаға толығымен жағдай жасау ата-ана үшін қиын екенін айтты. Ол бұл мәселе үкімет тарапынан шешілгенін қалайды. 
"Үкімет ана мен балаға қамқорлық көрсетуді маңызды істердің бірі ретінде қарастыруда. Баланың туылуы әйелдің өміріндегі ең қиын кезең. Бұл үлкен еңбек пен жауапкершілікті талап етеді. Әйелдер декреттік демалысқа шығып, баласына бір жастан үш жасқа дейін қамқорлық көрсетеді. Көптеген жағдайда әйел адам жұмыс істей алмайды. Өйткені үш жасқа дейін балаға ерекше күтім қажет. Одан бөлек бала өмірге келгеннен бастап ата-аналардың шығындары артады. Толық отбасыларда тек әкесі жұмыс жасаса, толық емес отбасыларда ешкім жұмыс жасамайды. Отбасыларды материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету керек", - дейді депутат. 

Оған қоса, депутаттар балаларға төленетін қаражат мөлшерінің тұтқындарға бөлінетін қаражаттан бес есеге аз екенін айтты. 

"Баланың туылғаны үшін аналарға берілетін қаржылай көмек бірінші балаға 5 АЕК-тен, төрттен артық балаға 9 АЕК-тен бекітілген. Балаға күтімі үшін берілетін жәрдемақының құны 14 мың шамасында болса, тұтқындалған адамға айына 80 мың шамасындағы қаржы бөлінеді. Бұлардың арасындағы айырмашылық бес есе. Елімізге бала маңызды ма, әлде тұтқындағы адам маңызды ма?" - дейді Сқақова. 

Депутат төленетін декреттік демалыс уақытын ұзарту керек екенін жеткізді. Оған қоса, балаларға арналған арнайы себет әзірлеу ұсынылды.  

"Қазақстанның халық партиясы депутаттары бір балаға берілетін жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін көбейтуді сұрайды. Оған қоса, төленетін декреттік демалыс мерзімін екі жылға дейін созуды, балаларға арналған тұтынушылық себет дайындауды сұраймыз", - дейді депутат. 

Еске салсақ, осыған дейін қазақстандық депутат әлеуметтік жәрдемақыларды 2 есе арттыруды ұсынған болатын.




Көрілген: 1598    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.03.2021, 12:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30