Нарық

Қазақстанда балалардың жәрдемақысын 18 жасқа дейін беруді қарастырып жатыр

  • Қазақстанда балалардың жәрдемақысын 18 жасқа дейін беруді қарастырып жатыр

    Қазақстанда балалардың жәрдемақысын 18 жасқа дейін беруді қарастырып жатыр

Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы төлеу ұсынылды, деп хабарлайды Stan.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Жұмыс тобы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдау жөнінде бірқатар ұсыныстар әзірледі.


"18 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік қолдаудың кейбір шараларын оңтайландыру арқылы жәрдемақылар енгізу, сондай-ақ мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған көпбалалы аналарға зейнетақымен қамтамасыз ету, АӘК тағайындау кезінде жалпы кірісті есептеу әдістемесін өзгерту, , көпбалалы ана екенін және басқа жағдайда мәртебені растайтын сертификат беру кезінде күнкөріс минимумының құрылымын қайта қарау", - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова.


Сондай-ақ "Еңбек" өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізді.


"Көптеген ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және олардың өсуін қамтамасыз ету мақсатында жаңа бизнес-идея үшін 505 мың теңге көлемінде қайтарымсыз мемлкеттік гранттар беріледі. Ал биылғы жылы ауылда көпбалалы аналар мен мүгедектер арасында кәсіпкерлікті дамытуға 5 мың шағын несие бөлінеді", - делінген хабарламада.


Табысы аз табысы көп отбасылар үшін ауылдық отбасылар сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқамерзімді дәріс ұйымдастырады. Үйде отырып жұмыс істейтін әлеуметтік жұмыс орындары болады.


Министрлік әлеуметтік көмек пен қызметтердің бірыңғай пакетін әзірледі. Әлеуметтік пакетте әлеуметтік қолдау және әлеуметтік қызметтердің 11 шарасы қамтылған. 




Көрілген: 1126    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.04.2019, 17:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31