Нарық

Қазақстанда банк есепшотын ашуға қатысты маңызды ақпарат шықты

  • Қазақстанда банк есепшотын ашуға қатысты маңызды ақпарат шықты

    Қазақстанда банк есепшотын ашуға қатысты маңызды ақпарат шықты

Блокчейн және дата орталықтар индустриясы қауымдастығы қазақстандықтар үшін цифрлық актив операциялары қолжетімді болатынын хабарлады

"Астана" халықаралық қаржы орталығы базасында тіркелген криптобиржалар жақын арада банктермен жұмыс істей бастайды.

Блокчейн және дата орталықтар индустриясы қауымдастығы қазақстандықтар үшін цифрлық актив операциялары қолжетімді болатынын хабарлады, деп жазады "Хабар 24".

Екінші деңгейлі банктердің қайсысы криптовалютамен жұмыс істейтіні әзірге белгісіз. Нақты тізім жасалған жоқ.

Бұл жоба бастапқыда бір жылға жоспарланып отыр. Алайда нарық қатысушылары енді Қазақстанда криптовалютаға қатысты тыйым жойылады деген үмітте.

Блокчейн және дата орталықтар индустриясы қауымдастығының аға үйлестірушісі Сергей Путраның сөзінше, бұл Қазақстан үкіметі криптовалютаны дамытуға қадам жасағанын білдіреді.

Мұның бірінші себебі - әлемдік майнингтің 6-8%-інің Қазақстанда жасалуы.

Бұдан бөлек, қазақстандықтар цифрлық активтерді белсенді сатады. Кейбірінің құны, тіпті, бірнеше миллион доллар.

"Криптовалютадан Қазақстанға салық ретінде ақша түседі. Жұмыс орындары пайда болады. Бұл Қазақстан әлі күнге дейін меңгермей жүрген ауқымды индустрия", - деді Путра.

Криптобиржаға кіру үшін АХҚО-да тіркелген банктердің бірінде заңды тұлғаның есепшоты болуы тиіс. Ол шоттан ақша аударып, криптовалюта сатып алып, биржада түрлі операцияларды жүзеге асыруға болады. Инвестор табыс таба алады. Банк транзакциялар бойынша делдал қызметін атқарады.

sputnik.kz




Көрілген: 927    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.07.2021, 19:33

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қыркүйек, 20:36
    TEDxAstana конференциясы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30