Нарық

Қазақстанда баспана бағасы тұрақтанды

  • Қазақстанда баспана бағасы тұрақтанды

    Қазақстанда баспана бағасы тұрақтанды

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов баспана бағасының өсуін тежеу үшін қандай шаралар жүргізілгенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жыл басынан бері бастапқы тұрғын үйдің бағасы 5%-ға өсті. Қазір динамика төмендеді. Соңғы айда шамамен 0,8%-ға өсім байқалды. Т ұрғын үй нарығындағы баға қымбаттауының негізгі себебі – нарыққа 1 трлн 200 млрд теңге зейнетақы активтерінің түсуі еді. Біз бағаның өсуін тежеу үшін үй салушыларға бағаның төмендеуі туралы 11 ескерту жібердік, олармен келіссөздер жүргіздік және қазір тұрғын үй бағасының динамикасы тұрақтанғанын байқап отырмыз», - деді Р. Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Сонымен бірге, ол «Биржалық сауданың енгізілуіне байланысты бензин бағасының өсуі мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді. «Қазіргі уақытта мұнай өнімдерінің өндірісі тұтыну көлемін толығымен жабады. Тұтыну жағдайында да Атырау, Шымкент зауыттарындағы мұнай өнімдерінің қорлары сұранысты қанағаттандыруға жеткілікті. Бізде бензин тапшылығы жоқ екенін ескерсек, биржалық сауда-саттықтың енгізілуіне байланысты бағаның күрт өсуіне еш негіз жоқ», - деп жауап берді агенттік өкілі. Бұған дейін Р. Ахметов азық-түлік бағасының қымбаттау себептерін түсіндірген еді.
ҚазАқпарат.




Көрілген: 722    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.05.2021, 22:39

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30