Нарық

Қазақстанда «байлық немесе сән-салтанат салығы» енгізіле ме?

  • Қазақстанда «байлық немесе сән-салтанат салығы» енгізіле ме?

    Қазақстанда «байлық немесе сән-салтанат салығы» енгізіле ме?

Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев Қазақстанда «байлық салығын» енгізу мәселесі 2022 жылы қаралатынын айтты, - деп хабарлады ҚазАқпарат.

Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев Қазақстанда «байлық салығын» енгізу мәселесі 2022 жылы қаралатынын айтты.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында сенатор Мұрат Бақтиярұлы сән-салтанатты заттарға арнайы салық салу мәселесін көтерді.

«2019 жылы Президент өз Жолдауында «Жалпы ішкі өнім мен халық табысының артуына қарамастан, қоғамда мүліктік жіктелу үдерісі сақталып отыр. Бұл – алаңдатарлық фактор. Сондықтан оған ерекше назар аудару керек» деген болатын. Осыған байланысты халықаралық тәжірибеде көптеген елде бар, сән-салтанатқа арнайы салық енгізу өте өзекті мәселе деп есептеймін. Бұл жерде қымбат элиталы жылжымайтын мүліктер, ұшақтар, яхталар, қымбат автокөліктер, зергерлік бұйымдар сияқты сән-салтанатты заттарға арнайы салық салудың әділетті жүйесін қалыптастырады деп ойлаймын. Бұл тұрғыда тиісті ведомствоның көзқарасы қандай?», – деп сұрады сенатор.
Өз кезегінде вице-министр М. Сұлтанғазиев бұл мәселе қарастырылып жатқанын айтты.

«Оған салықты біз қарастырып жатырмыз. Осы орайда, бизнеспен талқылау жұмыстары жүріп жатыр. Келесі жылы Үкіметтің жобасымен енгізілетін болады», – деді Марат Сұлтанғазиев.




Көрілген: 619    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.11.2021, 18:50

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қараша, 14:31
    Мұнай күрт қымбаттады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31