Нарық

Қазақстанда бензин бағасы тағы қымбаттады

  • Қазақстанда бензин бағасы тағы қымбаттады

    Қазақстанда бензин бағасы тағы қымбаттады

Қазақстанда газ ғана емес, бензиннің де бағасы тағы қымбаттады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

Бағаның шарықтауы әсіресе Шығыс Қазақстан, Қарағанды мен Ақтөбе облыстарында байқалады. Мәселен бір апта бұрын ғана жанармай құю бекеттерінде халық көп тұтынатын АИ-92 маркалы бензиннің бір литрі 140 теңге болса, қазір аталған облыстарда 150 мен 170 теңге аралығында сатылуда.

 
Қымбатшылық алдағы уақытта да жалғасуы мүмкін деген болжам бар. Өйткені қазірдің өзінде мұнай өнімінің көтерме бағасы мен тасымалдау құны өскен. Ал тұрғындар жанар-жағармай бағасы өссе, такси мен тауар тасымалы қызметі, тіпті азық-түліктің де шарықтауы мүмкін дейді.

"Қиындау. Қарапайым адамдарға тіпті қиын. Қазір жұмыс та жоқ. 140 теңге әлдеқайда жақсы, арзан болды ғой. Алты теңге де ақша ғой", - дейді көлік жүргізушілерінің бірі Асқар Бақтыбаев.




Көрілген: 1051    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.03.2021, 09:53

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31