Нарық

Қазақстанда бензин мен дизель отынын экспорттауға тыйым салынды

  • https://kaz.orda.kz/

    https://kaz.orda.kz/

ҚР Энергетика министрі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, ҚР Қаржы министрі және ҚР Ішкі істер министрі бензинді және дизельдік отынды экспорттау туралы бірлескен бұйрыққа қол қойды деп хабарлайды kaz.orda.kz.

 

«Жағармайларды және өндіруші ұсынған газ цистерналарында әкетуді қоспағанда, бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Қазақстан аумағынан автомобиль көлігімен, сондай-ақ көлемі 20 литрден аспайтын бөлек контейнерлерде әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынады» делінген құжатта.

 

Жақын арада ҚР Сауда және интеграция министрлігі Еуразиялық экономикалық комиссияны экспортқа тыйым туралы хабардар етеді.

 

Құжат 21 қарашадан бастап күшіне енеді.

 

Еске салсақ, бұған дейін бірнеше аймақта жанар-жағармай тапшылығы сезініп, оның бағасы күрт қымбаттаған. ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанда дизель отынын тұтынудың нормадан тыс өсуі тіркелгені туралы айтқан.

 

Бұған дейін ҚР Энергетика министрлігі газ тапшылығының алдын кесу үшін оның экспортына тыйым салынуы мүмкін екені айтылды.

 

 

 

 




Көрілген: 689    Пікірлер: 0

жұма, 12.11.2021, 11:18

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Желтоқсан 2021
    Доллар бағамы төмендеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31