Нарық

Қазақстанда бензин тағы қымбаттады – фото

  • Қазақстанда бензин тағы қымбаттады – фото

    Қазақстанда бензин тағы қымбаттады – фото

Энергетика министрлігі бағаны реттеу мен "арзандатылған" мұнай өнімдерін тарату жүйесін құру тиімді емес, керісінше, шығыны көп әдіс деп атады

Қазақстанда жанармай құю бекеттерінде бензин бағасы тағы көтерілді. Бұл соңғы бірнеше күнде жанармай құны орта есеппен 5-10 теңгеге қымбаттағанын көрсетеді.

Ең танымал жанармай құю бекеттерінің ресми сайтында баға Нұр-Сұлтанда АИ-92 – 168-177 теңге, АИ-95-тің литрі – 188-197 теңге, ал АИ-98 – 186-220 теңге аралығында деп көрсетілген.

Оңтүстік астанада АИ-92 – 165-171, АИ-95 – 187-200, АИ-98 – 191-230 теңгеден сатылуда.

Қазақстанның басқа қалаларында АИ-92 жанармайының бағасы 175 теңгеден аспайды. АИ-95 бағасы – 185-тен 200 теңгеге дейін болса, АИ-98 – 175-205 теңгеден саудаланады.

Қазақстанда бензин бағасының көтерілуіне қатысты жағдай сәуірдің басында байқалды. Ал тұтынушылар бағаның өсуіне ғана емес, жанармайдың жетіспейтіндігіне де шағымдануда.

Айта кетейік, бұған дейін энергетика министрлігі биліктің жанармай бағасын неге реттемейтінін түсіндірген. Сондай-ақ министрлік өкілдері бағаны реттеу мен "арзандатылған" мұнай өнімдерін тарату жүйесін құру тиімді емес, керісінше, шығыны көп әдіс екендігін атап көрсеткен.

Сонымен қатар, сала мамандары жанармай тапшылығы болмайды деп сендіріп бақты. Олардың мәліметі бойынша АИ-92 бензинінің жалпы қоры елде жеткілікті деңгейде. Нақтылап айтқанда, қабылданған шаралардың арқасында жыл басымен салыстырғанда қор көлемі шамамен 60 мың тоннаға артып, 270 мың тоннаны құрайды.

sputnik.kz




Көрілген: 841    Пікірлер: 0

сенбі, 01.05.2021, 16:05

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30