Нарық

Қазақстанда бір айдың ішінде баспана бағасы тағы да қымбаттады

  • Қазақстанда бір айдың ішінде баспана бағасы тағы да қымбаттады

    Қазақстанда бір айдың ішінде баспана бағасы тағы да қымбаттады

Елімізде бір айдың ішінде жаңа тұрғын үйлердің бағасы 0,8 пайызға қымбаттады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы таратқан ақпаратқа сәйкес, бір айда (2021 жылғы сәуір 2021 жылғы наурызға қарағанда):

абаттандырылған тұрғын үйді алып-сату бағасы 1,7 пайызға;

жаңа тұрғын үйлерді сату 0,8 пайызға;

абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 1,1 пайызға қымбаттады.

Сондай-ақ ведомство мәліметінше:

- таза әрленген және әрленбеген жаңа пәтерлердің бір шаршы метрі республика бойынша 327 014 теңгені;

абаттандырылған тұрғын үйлердің шаршы метрі 261 776 теңгені;

абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 1 шаршы метріне 1 744 теңгені құрады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев "Алматы жастары 3.0" жеңілдетілген несие беру бағдарламасы келер жылы да жалғасын табатынын айтқан еді.

Сағынтаевтың сөзінше, 2021 жылдың 10-31 наурызы аралығында "Алматы жастары 3.0" қалалық бағдарламасы аясында өтініш пен құжат қабылданды. Бағдарлама бойынша бастапқы және қайталама нарықтан баспана алу үшін 5 пайыздық жеңілдікпен 18 млн теңгеге дейін несие беріледі. Бағдарлама аясында 1 000 жас отбасыны баспанамен қамту жоспарланған, олардың арасында ең көп сұранысқа ие мамандық иелері бар. 

ҚазАқпарат. 




Көрілген: 622    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.05.2021, 08:56

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30