Нарық

Қазақстанда бір айдың ішінде тұрғын үй бағасы 1,2 пайызға қымбаттады

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Қазақстанда 1 айдың ішінде тұрғын үй бағасы 1,2 пайызға қымбаттады. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Бір айда ( маусымнан мамырға қарағанда) абаттандырылған тұрғын үйді алып сату бағасы – 1,2, жаңа тұрғын үйді сату 0,9 пайызға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,3 пайыз жоғары болды», - делінген бюро тартқан ақпаратта.

 

Ал ведомствоның мәліметінше, 2020 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда маусымда жаңа тұрғын үйді сату – 9,2, абаттандырылған тұрғын үйді алып сату – 14,7, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 7,4 пайызға көтерілген.

 

Сонымен қатар 2020 жылдың қаңтар-маусымына қарағанда осы жылдың бірінші жартыжылдығында жаңа тұрғын үйлер 9,6 пайызға қымбаттап, шаршы метрі 338 450 теңгеге жетті.

 

Ал абаттандырылған тұрғын үйді алып сату құны 22,3 пайызға көтеріліп, шаршы метрі 267 364 теңгені, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 10,9 пайыза артып, шаршы метрі үшін 1 764 теңгені құрады.

 

 




Көрілген: 693    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.07.2021, 18:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қыркүйек, 20:36
    TEDxAstana конференциясы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30