Нарық

Қазақстанда бірде бір базар заман талабына сай келмейді

  • https://silkadv.com/

    https://silkadv.com/

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов үкімет отырысында еліміздегі бірде бір сауда базарының заман талабына сай келмейтінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

 

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда барлығы 750 сауда базары бар. Сұлтанов олардың бір де бірі қазіргі заман талаптарына сай еместігін жасырмады.

 

"Тауарларды жедел жүктеуге мүмкіндік беретін заманға сай жүк түсіру және температуралық қоймалардың жеткіліксіздігі бағаға тікелей әсерін тигізеді. Әрине, базарда тауар ағынын бақылау бойынша ақпараттық жүйе де жоқ", - деді министр.

 

Cұлтанов бұл мәселе айтарлықтай қиындық туғызатынын айтты. Оның сөзінше, қалалардағы карантин тәртібінің енгізілуіне байланысты туындаған дүрбелең осы мәселелерді тағы да айқындап берген.

 

Сауда және интеграция министрі аталған проблемаларды жедел және жүйелі шешу үшін көтерме-тарату орталықтарының бірыңғай кешенін құрайтын ұлттық тауар өткізу желісін құру ұсынылатын тілге тиек етті.

 

"Бұл экожүйе өндіруші мен тұтынушыны жақындататын экономикалық кешенді, сондай-ақ бірыңғай тетікті құрай отырып, республиканың сауда инфрақұрылымына қосылады. Сауда мен тарату функционалы бойынша жіктелген көтерме-тарату орталықтары - жүйенің өзегі. Көтерме-тарату орталықтарының қызметі өнімді сақтау мен қайта өңдеу, тарату мен өткізуге дейінгі мамандандырылған қызметтерді ұсынады", - деді Сұлтанов.

 




Көрілген: 445    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.04.2020, 16:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30