Нарық

Қазақстанда дәрі қымбаттайды

  • Қазақстанда дәрі қымбаттайды

    Қазақстанда дәрі қымбаттайды

Енді мемлекет кейбір дәрілердің бағасын белгілеуге араласпайды.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қолданыстағы ережелер бизнесті дамытуға кедергі келтіретінін мәлімдеді. Сондықтан енді мемлекет кейбір дәрілердің бағасын белгілеуге араласпайды. Препараттардың қымбаттауы болжанып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстанда бағасын мемлекет белгілейтін дәрілік заттардың тізімі қысқарды. Бұл дәріханалардың арасында бәсекелестік қалыптастырып, сала кәсіпкерлеріне қолдау көрсету мақсатында жасалған шара дейді үкіметтегілер.

«Нарық қатаң реттелген. Патенттелмеген атауы бойынша өзара алмасу болғанда мемлеккеттік бағалық реттеуге жататын дәрі-дәрмекті қысқарту қарастырылып жатыр. Қазір трастқа қатысты реттеу шеңберінде тек 2020 түрлі аспектілермен 109 тергеу аяқталды», - деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин.  

3700-ден астам препараттың бағасын енді дәріханалар өзі белгілейді. Жыл басында Кәсіпкерлер палатасы елдегі дәріхана бизнесіне қолдау сұраған. Мемлекеттің баға белгілеуінің кесірінен көптеген кәсіпкер шығынға батқан. Тіпті кейбір препараттарды сатудың тиімділігі болмай, оны дәріханалардан табу мүмкін емес болатын. Мәселенің екінші жағы: бағаны белгілеуге мемлекет араласпайтын дәрілік заттар енді қымбаттайды.




Көрілген: 585    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.06.2021, 14:06

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қыркүйек, 20:36
    TEDxAstana конференциясы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30