Нарық

Қазақстанда девальвациядан соң бірқатар тауар бағаларының қымбаттауы байқалады.

  • Қазақстанда девальвациядан соң бірқатар тауар бағаларының қымбаттауы байқалады.

    Қазақстанда девальвациядан соң бірқатар тауар бағаларының қымбаттауы байқалады.

Теңге девальвациясынан кейін ҚазТАГ тілшілері жасаған мониторингіден Қазақстанда макарон, қарақұмық пен ірімшік сынды азық-түлік тауарларының бағалары қымбаттағаны көрінеді.

Мысалы, 11 ақпанда Шымкентте 1 кг макарон бағасы Т450 болды, ал оның бағасы апта басында Т155 болған. Тараз бен Қызылордадан басқа барлық өңірлерде де макарон бағасы көтерілгенін айтуымыз керек. Сондай-ақ ҚазТАГ жасаған мониторингі Шымкенттен басқа жерлердің бәрінде қарақұмық бағасының қымбаттағанын көрсетті. Ең қымбаты Атырауда 1 кг қарақұмық Т330 тұрды.

Атырауда алма бағасы екі есеге көтерілді: егер биылғы қаңтарда оның бағасы 1 кг үшін Т248 болса, девальциядан соң Т595 тұрады, ол Қазақстан бойынша ең қымбаты.

Павлодарда да жемістер қымбат бағамен сатылуда – 1 кг мандарин Т580, ал Алматыда 1 кг мандарын Т173-тен сатылуда.

1 кг ірімшік бағасы Ақтөбеде Т1380-нен, Талдықорғанда - Т2600 аралығында болды. Қаңтардың аяғымен салыстырғанда ірімшік бағасы Ақтөбе, Алматы, Астана, Қызылорда, Павлодар, Семей, Талдықорған, Тараз, Өскеменде қымбаттады. Көкөніс бағасы Оралдағы қызанақ үшін 1 кг – Т345-тен, Астанада – Т970, Оралда 1 кг қияр бағасы Т370, Астанада – Т1030.

Шоколад конфеттердің бағасы ең қымбаты Шымкентте - 1 кг – Т2260, ал Петропавлда – Т740, айырмашылығы 3 еседей.

Сондай-ақ девальвациядан соңғы мониторингіге жеке гигиена  заттарының да бағасы қамтылған еді.

Меншікті тілшілеріміздің жасаған мониторингісі бойынша тіс жуатын паста Талдықорғанда ең арзаны – Т145, Шымкентте – Т455. Иіс сабын, ең арзаны Ақтөбеде – Т117, ең қымбаты Талдықорғанда – Т175.

Мониторингі жасағанда ҚазТАГ тілшілері әр азық-түліктің супермаркеттердегі бағасын алды. 11 ақпанда жасаған мониторингіде ҚазТАГ қазақстандықтарда үлкен сұранысқа ие шетелдік азық-түлік түрлері мен басқа да тауарларды да қамтыды.

Импортталатын тауарлардың бағаларының өсу үдерісін анықтау үшін ҚазТАГ енді 10 күннен соң тағы мониторингі жасамақшы.

Еске салсақ, 11 ақпанда ҚР Ұлттық банкі ұлттық валютаның жаңа айырбас бағамы $1 үшін Т185 деңгейінде сақталады деп хабарлады. Соңғы  жылдары Ұлттық банк саясаты теңге бағамын $1 үшін Т145-155 аралығында сақтап тұруға бағытталған.

Теңгенің алдыңғы девальвациясы Қазақстанда 2009 жылы 4 ақпанда болған.






Көрілген: 1528    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.02.2014, 10:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30