Нарық

Қазақстанда доллар тағы қымбаттады

  • Қазақстанда доллар тағы қымбаттады

    Қазақстанда доллар тағы қымбаттады

Аптаның басынан бастап америкалық валюта бағасының өсуі жалғауда. Доллар бір тәулік ішінде 1,3 теңгеге қымбаттап, 426,1 теңгеден сатыла бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан қор биржасының KASE ресми сайтына сілтеме жасап. 

KASE-дегі күндізгі сатылым 426,1 теңгемен аяқталды. Бұл бір тәулік ішінде америкалық валюта тағы 1,3 теңгені қосты, ал бір айдың ішінде доллар бірден 8,1 теңгеге қымбаттады деген сөз. NUR.KZ-тегі валюта бағамдары бөліміндегі ақпаратқа сәйкес, осы сағатта оңтүстік астананың банктері мен айырбастау пункттері долларды 427,1 - 430 теңгеге сатуда, ал 424,5 - 425,8 теңгеге сатып алуда. Нұр-Сұлтанда америкалық валютаның құны 428,2 - 430 теңге аралығында тұр. Елордада бір долларды 424,5 - 425,8 теңгеден сатуға болады. Қазақстанның үшінші мегаполисінде де бағалар дәл осындай. Бір долларды 424,5 -425,8 теңге сатып алуға және 428,2 - 430 теңгеге сатуға болады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін KASE басқарма төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская теңге бағамының төмендеуін онлайн брифингте түсіндірген еді. Доллар бір аптада 7 теңгеге қымбаттаған.

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев теңгенің не себепті әлсіреп кеткенін түсіндірді. Досаевтың мәлімдеуінше, тамызда мұнай бағасының өсуі, республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферт бөлу шеңберінде Ұлттық қор активтерін конвертациялау және квазимемлекеттік сектор компанияларының экспорттық валюта түсімдерінің бір бөлігін міндетті сату бойынша ұзақ мерзімді шаралар теңгені қолдап отырған. 

KAZ.NUR.KZ




Көрілген: 1171    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.09.2020, 21:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31