Нарық

Қазақстанда екі жылда 5 банк нарықтан кетті

  • Қазақстанда екі жылда 5 банк нарықтан кетті

    Қазақстанда екі жылда 5 банк нарықтан кетті

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова төлем жасауға қабілетсіз банктерден және проблемалық кредиттерден тазарту жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылы банк секторын төлем жасауға қабілетсіз банктерден және жинақталған проблемалық кредиттерден қалпына келтіру аяқталды. Соңғы екі жылда нарықтан 5 банк кетті. 2017 жылдан бастап 8 банктің лицензиясы қайтарып алынды, 3 ірі банк шоғырландырылды. Жалпы алғанда, 2017-2021 жылдары 6,6 трлн теңге сомадағы кредиттер есептен шығарылды», - деді М. Әбілқасымова Қазақстан қаржыгерлерінің IX Конгресінде.

Оның айтуынша, банк секторын тазарту нәтижесінде NPL ауқымды анықтамасын сипаттайтын проблемалық және қайта құрылымдалған кредиттер деңгейі 2017 жылғы 40%-дан 2021 жылғы қазанға қарай 10%-ға дейін 4 есе төмендеді. Бұл ретте 90 күннен астам мерзімі өткен NPL өзі 4,3%-ды құрады. «Жұмыс істемейтін активтерді банктер балансынан есептен шығаруға қарамастан, банк жүйесінің активтері соңғы үш жылда 41%-ға ұлғайып, 35,6 трлн теңгені құрады. 2019-2020 жылдары жүргізілген Активтер сапасын бағалау (AQR) капиталдың қажетті қоры бар екенін жүйелік және жеке деңгейде растады. AQR қорытындысы бойынша 2020 жылы банктердің акционерлері банктерді 128 млрд теңгеге үстеме капиталдандырды, қосымша провизиялар әсері және активтер сапасын жақсарту бойынша шаралар 600 млрд теңге сомаға бағаланды. Нәтижесінде бүгінгі күні банктердің капитал жеткіліктілігі 25% болды, бұл ең аз талаптардан 3 есеге артық», - деді агенттік төрағасы.
ҚазАқпарат




Көрілген: 641    Пікірлер: 0

жұма, 12.11.2021, 14:26

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Желтоқсан 2021
    Доллар бағамы төмендеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31