Нарық

Қазақстанда электр энергиясының тарифтерін арттыру жоспарлануда: Энергетика министрлігі түсініктеме берді

  • Қазақстанда электр энергиясының тарифтерін арттыру жоспарлануда: Энергетика министрлігі түсініктеме берді

    Қазақстанда электр энергиясының тарифтерін арттыру жоспарлануда: Энергетика министрлігі түсініктеме берді

Энергетика министрлігі электр энергиясының шекті тарифтеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасына түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тарифтерді 2021 жылдан бастап арттыру ұсынылады. Бұйрық жобасы 25 наурызға дейін "Ашық НҚА" сайтында көпшілік талқалауы үшін жарияланды.
Кестеге сәйкес, электр энергиясын өткізетін ұйымдардың бірінші тобы үшін 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейінгі шекті тарифті 5,8 теңге/кВтсағ-тан 8,02-ге дейін көтеру жоспарланған. ЭӨҰ екінші тобы үшін шекті тарифті 4,50 теңге/кВтс-тан 9,65-ке дейін арттырмақ. Үшінші топ үшін 7,73 теңге / кВтс - тан 9,99-ға дейін.

"Электр энергиясына өзгертілген шекті тарифтерді қолданысқа енгізу олар бекітілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады", - делінген бұйрық жобасында.

Бұйрық жоюасына қатысты тиісті министрлікте түсініктеме берді.

"2020 жылдың қыркүйегінде 37 энергия өндіруші ұйым (шекті тарифтер белгіленетін 45 ұйымның ішінен) Энергетика министрлігіне электр энергиясының шекті тарифтерін түзетуге өтінім берді. Энергия өндіруші ұйымдардың бұл құқығы Электр энергетикасы туралы заңнамада көрсетілген", - деп түсіндірді ведомствода.

Шекті тарифтерді түзету "Электр энергетикасы туралы" Заңның негізінде электр энергиясын өндіру процесінде технологиялық мұқтаждар үшін пайдаланылатын суға, көмірге, газға, құрамында күкірт бар шикізатқа, электр энергиясын өндіру үшін отын ретінде пайдаланылатын мұнай өнімдеріне, сондай-ақ көмірді, газды, құрамында күкірт бар шикізатты және мұнай өнімдерін тасымалдауға мемлекеттік реттеуге жататын бағалар құнының өзгеруіне байланысты жүргізіледі.

"2020 жылы және 2021 жылдың басынан бастап энергия өндіруші ұйымдарға тәуелді емес мынадай шығындар ұлғайды:

Қаражыра көмірінің бағасы 8,6 пайызға өсті, "Богатырь Көмір" ЖШС көмірінің бағасы 2020 жылы 9,9 пайызға өсті, оны тасымалдау шығындары 7 пайызға артты;
ЖЭК өндіретін электр энергиясын міндетті сатып алу көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы 68 пайызға ұлғайды, ЖЭК шығындары 49 пайызға ұлғайды;
АЕК-тің 2020 жылғы 2 778 теңгеден 2021 жылы 2 917 теңгеге дейін ұлғаюына байланысты бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша шығындар өсті;
газ тасымалдау құны артты;
жөндеу жұмыстарын жүргізуге шығындар артты", - деп хабарлады Энергетика министрлігінде.
Бұдан басқа, ведомствода электр қуаттарының авариялық істен шығуы, тұтынушыларды электрмен жабдықтау сапасының төмендеуі және Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің көрші елдерге тәуелділік тәуекелдерінің артуы жағдайлары жиілеп кеткенін атап өтті.

2020 жылы Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінде 4 458 технологиялық бұзушылыққа жол берілген. 2019 жылмен салыстырғанда технологиялық бұзушылықтардың саны 448-ге немесе 11 пайызға артты.

Дегенмен, энергетика министрлігі тарифтерді түзету мәселесі әлі де қаралып жатқанын түсіндірді. Жоба әзірге көпшілік талқылауында, сондай-ақ мәселені "Атамекен"ҰКП Табиғи монополияларды реттеу комитеті зерделеуде. Қарау кезінде министрлік әрбір жағдай бойынша жеке тәсіл қолдануға уәде берді.

"Энергетика министрлігінің құзыретіне энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын өндіруге шекті тарифтерді жеті жылдық кезеңге бекіту мәселелері кіреді. Халық үшін тарифтерді түзетумен Ұлттық экономика министрлігі айналысады", - деп толықтырды Энергетика министрлігі.




Көрілген: 1238    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.03.2021, 15:18

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31