Қазақстанда ең жоғарғы зейнетақы 550 мың теңгеге жуық – БЖЗҚ

23 ақпан 2022, 15:36

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ еліміздегі ең жоғарғы зейнетақы мөлшерін, сол сияқты тұрғын үй жағдайын жақсарту мен денсаулығы үшін қазақстандықтар жыл басынан бері қордан қанша қаражат алғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
Жыл басынан бері БЖЗҚ өз салымшыларына 113,2 млрд теңге төледі, оның басым бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және емдеу мақсаттарына арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрайды – 97,0 млрд теңге.

«Жасына байланысты төлемдер – 6,6 млрд теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 3,8 млрд теңге, ҚР шегінен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер – 3,5 млрд теңге, сақтандыру ұйымдарына аударымдар шамамен 1,6 млрд теңге, жерлеуге арналған төлемдер – 0,4 млрд теңге және мүгедектік бойынша төлемдер – 0,2 млрд теңгені құрады.

Атап өту керек, БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем (зейнет жасына толуына байланысты) 29 200 теңге, ал ай сайынғы ең жоғары төлем 548 741 теңге болды.