Нарық

Қазақстанда ең жоғары жалақыны кімдер алады

  • Қазақстанда ең жоғары жалақыны кімдер алады

    Қазақстанда ең жоғары жалақыны кімдер алады

2020 жылдың төртінші тоқсанының қорытындылары бойынша қазақстандықтардың орташа айлық жалақысының мөлшері жылдық 14,3 өсімді көрсетіп, 233,1 мың теңгеге жетті.
Инфляцияны есепке алғанда, нақты өсім 6,5 пайызды құраған. Салыстырмалы түрде, 2019 жылдың сәйкес, кезеңінде қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 203,9 мың теңгені құраған. Бұл туралы ҚазАқпарат finprom.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Өңірлер арасында орташа айлық жалақының ең үлкен мөлшері дәстүрлі түрде Атырау облысында: 377,4 мың теңге, бұл ел бойынша көрсеткіштен жалпы алғанда 61,9 пайызға көп. Орташа айлық жалақысы жоғары аймақтар «үштігіне» сондай-ақ елорда (349,6 мың тг) және Маңғыстау облысы (337,7 мың тг) кірген. Ал төменгі жалақы Түркістан (166,7 мың тг), Жамбыл (168,8 мың тг) және Солтүстік Қазақстан облыстарының (168,9 мың тг) тұрғындары алады. Түрлі салаларда қызмет ететін жұмыскерлердің еңбекақысында айырмашылықтар байқалған. Мәселен, тау-кен қазу өнеркәсібінде орташа айлық жалақының максималды мөлшері белгіленді (472,3 тыс. тг), ал қаржы және сақтандыру қызметінде бұл көрсеткіш 422,6 мың теңгені құраған. Осы арада, ең төмен орташа айлық көрсеткіш сумен жабдықтау саласында (145,7 мың тг) және ауыл шаруашылығында (147,7 мың тг) тіркелген. Өз кезегінде, білім беру саласында орташа айлық жалақы 176,5 мың тг құраған (ел бойынша орташа көрсеткіштен 24,3% төмен), денсаулық сақтау саласындағы орташа жалақы - 197,4 мың тг (ел бойынша орташа көрсеткіштен 15,3% төмен). Бұл салалардағы орташа айлық жалақы ел бойынша ең төменгілер қатарында. Осылайша, Қазақстанда мұнайшылар мен қаржыгерлер мұғалімдер мен дәрігерлерге қарағанда екі есе көп табыс табады.
ҚазАқпарат




Көрілген: 2984    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.02.2021, 15:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30