Қазақстанда ең көп жалақыны кімдер алады?
Аймақтар бойынша жоғары жалақыны атыраулықтар алады.
Яғни, Атырау облысында жалақы көлемі - 377,4 мың теңге. Бұл көрсеткіш республикалық орташа деңгейден 61,9%-ке артық. Одан кейінгі орында астана -349,6 мың теңге, Маңғыстау облысы - 337,7 мың теңге.
Орташа айлық жалақының ең төмен мөлшері Түркістан облысында 166,7 мың теңге алады. Жамбыл - 168,8 мың теңге, Солтүстік Қазақстан - 168,9 мың теңге.
Қазақстанда ең жоғары жалақыны тау-кен өндірісі саласының қызметкерлері, ал төменгі жалақыны ауыл шаруашылығы мамандары алады.