Қазақстанда енді ерлі-зайыптылар зейнетақы жинақтарын біріктіре алады

15 желтоқсан 2021, 11:48

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова бірлескен ерлі-зайыпты зейнетақы аниутеті туралы айтты.
 
Агенттік төрағасы заң жобасында жинақтаушы сақтандыруды дамыту үшін жаңа әлеуметтік маңызды сақтандыру өнімдерін енгізу көзделетінін айтқан болатын.

Бірлескен ерлі-зайыпты зейнетақы аниутеті ерлі-зайыптылардың немесе жақын туыстарының зейнетақы жинақтарын біріктіруге мүмкіндік береді. Егер ерлі-зайыптылардың бірінде зейнетақы жинағы жетпей, ал екіншісінде артық болса, олар зейнетақы жинақтарын бірге қосып, зейнетақы аниутетін сатып алады, - деп айтты Мәдина Әбілқасымова.

Сонымен қатар төлемдерді өмір бойы алуға мүмкіндік алады.

Айта кетейік, депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңның жобасы бірінші оқылымда қарап жатыр.

 

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА

BAQ.KZ