Нарық

Қазақстанда инфляция импорты жеделдеді - сарапшы

  • Қазақстанда инфляция импорты жеделдеді - сарапшы

    Қазақстанда инфляция импорты жеделдеді - сарапшы

Қазақстанда инфляция импорты жеделдеді. Бұл туралы AERC Beta LLP бас директоры және Tengenomika Telegram-арнасының авторы Ғалымжан Айтқазин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі.

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, Қазақстанда тұтыну инфляциясы қыркүйекте 0,4 пайызға өскен, бұл нарықта төмен (0,5-0,8 пайыз), сондай-ақ жылдың басынан бастап ең төменгі айлық өсім саналады: қаңтар-тамызда тұтыну бағаларының орташа айлық өсімі 0,7 пайызға тең болды.

 
Сонымен қатар, сарапшының айтуынша, бағаның айлық өсімінің мұндай баяулауы Қазақстандағы инфляцияның жылдық деңгейін толыққанды дезинфляциялау үшін жеткіліксіз болып шықты, ол тамыздағы 8,7 пайыздан ағымдағы 8,9 пайызға дейін жеделдеген.

Жалпы алғанда, осындай ішкі проинфляциялық тренд Қазақстанның сауда әріптес елдерінде, біздің импортымыздың 30 пайыздан астамын жеткізетін Ресейде байқалып отырған процестермен сәйкес келеді. Росстаттың алдын ала бағалауы бойынша, қыркүйекте Ресей инфляциясы 7,2 пайыздан асты (соңғы 5 жылдағы рекорд деңгей).

"Басқаша айтқанда, дәл қазір ішкі тұтынуы ресейлік тауарлардың жеткізіліміне тәуелді біздің экономикамыз өсіп келе жатқан бағаларды импорттайды, бұл қазақстандық дүкендердегі тауарлардың баға белгілеріне тікелей әсер етеді", - деді Ғалымжан Айтқазин.
Сарапшы ресейлік инфляцияның айтарлықтай импортынан басқа, Қазақстанда тұтыну бағаларының тұрақты өсуіне келесі факторлар да жоғары қысым көрсететінін айтты:

Пандемиядан кейінгі табысты қалпына келтіру (оның ішінде зейнетақы реформасы есебінен), сондай-ақ кейінге қалдырылған тұтынуды іске асыру аясында ішкі сұраныстың күшеюі.
Бюджет шығыстарының циклдік өсуі.
Отын мен электр энергиясының қымбаттауы нәтижесінде өндірушілер шығындарының өсуі.
Азық-түлік тауарлары нарығындағы бәсекелестіктің төмендігі және қосылған құн тізбектерінің тиімділігінің әлсіздігі.
Карантин жеңілдіктері аясында қызмет көрсету секторын жандандыру.
Айта кетейік, тамызда Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев Қазақстандағы инфляция кейінгі 4 жылда рекордқа жеткенін мәлімдеді. Ал шілдеде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің басым міндеттерінің тізімінде инфляция, оның ішінде азық-түлік инфляциясы мәселесі тұруы керек деп мәлімдеді. Ол Қазақстандағы инфляцияның өсуі елдің одан әрі экономикалық дамуы үшін елеулі қауіп екенін айтты.

Tengrinews.kz 




Көрілген: 795    Пікірлер: 0

жұма, 01.10.2021, 16:34

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қараша, 14:31
    Мұнай күрт қымбаттады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31