Нарық

Қазақстанда ипотека рәсімдеу тәртібі жеңілдейді – министр уәде берді

  • Қазақстанда ипотека рәсімдеу тәртібі жеңілдейді – министр уәде берді

    Қазақстанда ипотека рәсімдеу тәртібі жеңілдейді – министр уәде берді

Қазіргі уақытта бюрократиялық процестерді автоматтандыруды көздейтін блокчейн технологиясы сынақ форматында қолданылып жатыр. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин үкімет отырысында премьер-министрге ипотеканы рәсімдеудің күрделі процесін блокчейн технологиясымен алмастыруға уәде берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Ипотекаға пәтер сатып алғанда кепіл тіркелуі тиіс. Ол үшін бүгінде банктен құжаттарды алып, оларды ХҚКО-ға ұсыну қажет. 3 жұмыс күнінен кейін ХҚКО-дағы құжаттарды қайтадан банкке кері қайтару керек. Содан кейін ғана ипотека беріледі", - деп жазды Мусин Facebook-тегі парақшасында.     
Ипотека рәсімдеу кезіндегі бюрократиялық мәселелерді шешу үшін министрлік Blockchain технологиясын қолдануға шешім қабылдады &ndash ол барлық процесті автоматтандыруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда жүйе сынақ форматында іске қосылды.

"Бұл ипотеканы рәсімдеу мерзімін қысқартып, клиент деректерін сақтайды. Мұндай жобалар басқа банктермен де іске асырылады және құрылыс компаниялары да осы технологияға қызығушылық танытып, процеске тартылады деп үміттенеміз", - деп атап өтті Мусин.

Сондай-ақ, министрлік автокөлікті сатып алу-сату процесін өзгертті. Енді сатып алушы ақшаны сатушының шотына аударғаннан кейін деректер базасында бірден автокөлік иесін өзгертуге болады.  




Көрілген: 1285    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.11.2020, 02:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 12:04
    Доллар бағамы өсті
    19 Қаңтар, 12:05
    Доллар бағамы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31