Нарық

Қазақстанда жалақы азайып, "премия" төленбеуі мүмкін бе – министр жауабы

  • Қазақстанда жалақы азайып,

    Қазақстанда жалақы азайып, "премия" төленбеуі мүмкін бе – министр жауабы

  • Қазақстанда жалақы азайып,

    Қазақстанда жалақы азайып, "премия" төленбеуі мүмкін бе – министр жауабы

Қашықтан істейтін қызметкерлер жалақысын толық көлемде алады. Егер олар жақсы нәтиже көрсетсе, сыйақы төленуі тиіс. Бұл туралы әділет министрі Марат Бекетаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Журналистер министрден "салықтың аз түсуіне және мемлекеттік бюджет шығыстарының ұлғаюына байланысты жалақы қысқарып, сыйақы төленбеуі мүмкін бе?" деп сұрады. Еуропаның бірқатар елі осындай тәжірибеге көшкен.

"Қазір сыйақыны алып тастау туралы сөз қозғауымыз керек деп ойламаймын. Егер мемлекеттік қызметкерлерге келсек, қазір үйден істеп жатқан адамдардың 70 проценті жалақысын толық көлемде алады. Егер жақсы нәтиже көрсетсе, сыйақы төленуі керек. Өйткені ол мемлекеттік қызметкерлерді өз жұмысын уақытында және сапалы орындауға ынталандыруы тиіс", - дейді Бекетаев астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Ол мемлекеттік бюджетке түсетін салық төмендеп, кіріс азайған жағдайда белгілі бір секвестр (бюджеттің шығыстарын қысқарту немесе шектеу) жасалатынын айтты.

"Ең алдымен, мен мынаны айтқым келеді. Әзірге қаржы министрлігі бюджетке кіріс едәуір азаятынын болжап отырған жоқ. Бұған дейін менің әріптестерім айтып кеткендей, қаржы резерві жеткілікті. Мемлекеттік аппарат пен мемлекеттік қызметкерлер өздеріне жүктелген міндетті орындайтынына сенімдіміз", - деді ведомство басшысы.

16 наурыздан бастап республикада төтенше жағдай жарияланды. Режим отыз күнге созылады. Ал 19 наурыздан Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы карантинге жабылады.

Азаматтарға екі қалаға кіріп-шығуға 22 наурызға дейін уақыт берілді. 




Көрілген: 330    Пікірлер: 0

жұма, 20.03.2020, 21:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Наурыз, 11:43
    Доллар 402 теңге болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30