Нарық

Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау бір жылға кейінге шегерілді

  • Көрнекі фото: NUR.KZ

    Көрнекі фото: NUR.KZ

Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау бір жылға кейінге шегерілді. Ол 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап кезең-кезеңімен енгізілмек. Бұған дейін декларациялау мерзімі 2020 жылдың 1 қаңтарынан басталады делінген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

2021 жылдың 1 қаңтарынан басталатын бірінші кезеңде декларацияны мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті басшы лауазымдардағы мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдар тапсыруы керек.

Сондай-ақ жоғарыда аталған азаматтардың күйеулері мен әйелдері де өздерінің табысы жайлы декларация тапсыруға міндетті.

Декларациялаудың екінші кезеңі 2023 жылдың 1 қаңтарында басталады. Ол кезде мемлекеттік мекемелер қызметкерлері, мемлекеттік сыңайлы сектор субъектілері және сол тұлғалардың жұбайлары (зайыбы) декларация тапсырады.

2024 жылдың 1 қаңтарында басталатын үшінші кезеңде заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары декларация тапсырады.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың қалған санаттары декларация тапсырмақ.

Еске сала кетсек, бұған дейін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыға бірдей декларациялау мерзімін өзгертетін заңға қол қойған.

 




Көрілген: 184    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.01.2020, 18:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31