Нарық

Қазақстанда жаңа банк жұмыс істейтін болады – қарыз беру шарттары қандай

  • https://7kun.kz

    https://7kun.kz

Парламент мәжілісінің депутаттары Солтүстік инвестициялық банктің Қазақстандағы қызметін реттейтін келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтың айтуынша, Солтүстік инвестициялық банк 1975 жылы құрылған болатын. Оған Скандинавия және Балтық елдері кіреді. Штаб пәтері Хельсинки қаласында орналасқан. Банктің жарғылық капиталы 6 миллиард 142 миллион еуроны құрайды. Осы капитал - оған мүше мемлекеттердің ақшасы. Олардың ішінде Латвия, Литва, Дания, Эстония, Исландия, Норвегия және Швеция бар. Ал банктің Қазақстанға келуі энергетика, жасыл экономика, өнеркәсіп салалары, көлік, телекоммуникациялар, ауыл шаруашалығы, денсаулық сақтау, шағын және орта бизнесті қаржыландыруға мүмкіндік береді.


"Келісім мүшелік жарналар және бюджеттен басқа да төлемдерді талап етпейді. Келісімді ратификациялау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеліп соқтырмайды", - деді Дәленов.


Министр отандық қаржы нарығына кіретін жаңа банктің қарыз беру шарттарын да айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, осы банктен мемлекет кредит алса, жылдық мөлшерлемесі 2 процент болады.


"Ал жеке сектор кредит алатын болса, ставка шамамен 7 процент болады. Кредитті 25 жылға дейін алуға мүмкіндік бар, яғни шарттары тартымды, басқа халықаралық ұйымдарға ұқсас. Мысалы, Азия даму банкінде мемлекеттік қарыз бойынша үстемақы 2,6 процентті құрайды. Еуропа қайта құру және даму банкінде 3 процентке тең. Сосын Солтүстік инвестициялық банкінің рәсімдері тез өткізіледі және алынған қаражатты бірқатар салаға бағыттауға болады", - деді Дәленов.


Оның айтуынша, банктен қарыз алу үшін жеке секторға инвестициялық міндеттеме мен кепілдік қарастырылмаған.


"Қарызды алу кезінде кепілдік міндеті жоқ. Ешбір тәуекелге үкіметтің жауапкершілігі болмайды, тек банкке ғана қатысты", - дейді Дәленов.


Халықаралық талаптарға сәйкес, Солтүстік инвестициялық банк табыс салығынан босатылады. Соның арқасында 762 миллион теңгені үнемдейді.


 




Көрілген: 2322    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.09.2019, 18:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30