Қазақстанда жаңа электр станциялары пайда болады

01 қараша 2018, 21:40

Шетелдік инвесторлар Қазақстанда жаңа электр станциаларын салады. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа мәлімдеді.

«Ағымдағы жылдың көктем және күз мезгілінде Қазақстанда жаңартылатын энегрия көздерінің белгіленген жиынтық қуаты 1000 мегаватт жобаларының халықаралық аукциондық сатулары өтті. Жаңартылатын энегрия көздерінің түрі бойынша айтар болсақ, күн бойынша 290 мегаватқа, жел бойынша 620 мегаватқа, биоэлектр станциялары бойынша 15 мегаватқа аукциондық сату өтті және гидроэлектр стнациялары бойынша 75 мегватқа өтініш қабылданды», - деді вице-министр.

Сондай-ақ, ол 2018 жылдың 3-18 қазан аралығында өткен аукциондық сатулардың нәтижесімен бөлісті.

«Күзгі аукциондық сатулардың қорытындысы бойынша екі жылдың ішінде Қазақстанда жиынтық қуаты 202 МВт құрайтын сегіз күн электр станциясы салынады. Олардың Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласына жалпы инвесцтиялар көлемі 73 млрд теңге шамасында болмақ. Алдағы үш жылда қмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарына жалпы инвестция көлемі 145 млрд теңгені құрайтын жиынтық қуаты 400 МВт алты жел электр станциясы жүзеге асырылады», - деді ол.

Ведомство өкілі атап өткендей, Алматы мен Жамбыл облыстарында 22 млрд теңге көлеміндегі инвестициясы бар жиынтық қуаты 61,48 МВт құрайтын үш гидроэлектр станциясы пайда болмақ.

«Аукциондық саудаға жергілікті және халықаралық қатысушылар үлкен қызығушылық танытты. Саудаға Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия, Ыранция, Болгария, Италия, БАӘ, Нидерланды мемлекеттерінен жалпы 113 компания қатысты», - деді вице-министр.


Ақмарал Шағатай

Baq.kz