Нарық

Қазақстанда жатақхана мәселесі, жеңілдікпен несие беру арқылы шешімін таппақ

  • https://astanatv.kz

    https://astanatv.kz

Жоғарғы оқу орындары 6 пайыздық жеңілдікпен жатақхана сала алады. Мұндай мүмкіндікті "Қаржы орталығы" мен "Даму" қоры ұсынып отыр. Осының нәтижесінде 5 мың жатақхана құрылысы биыл аяқталмақ.


Жаңа мүмкіндіктің шапағатын көрген оқу орындарының бірі - Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті. Биыл 350 орындық жатақхананы пайдалануға беріпті. Жаңа ғимаратқа филология факультетінің қыздары топтастырылған. Мұнда барлығы заманға сай жабдықталыпты.


Еркін МАХАШОВ, ОҚМПУ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:


- Жатақхана толық қамтылған. Оқу залында 33 000 кітап данасы бар. Вайфай, интернет системасы қосылған. Демалыс бөлмесі, медпунк, спортзал, дәмхана бар. Оқу залы бар.


Жатақхана мәселесін шешу бүгінде өзекті. Әсіресе Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында студенттер үйі жетіспейді. Осыны ескерген Үкімет енді жатақхана құрылысын несие арқылы қаржыландыруда.


Гүлнар ӘЛМҰХАНОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. "ДАМУ ҚОРЫНЫҢ АЙМАҚТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОР ОРЫНБАСАРЫ:


- Жатақханаға мұқтаж жекеменшік оқу орындарына 6% жеңілдікпен несие беріледі. Яғни 8 жылға банк 15% қарастырса, оның 9%-ы мемлекет субсидиялайды. Конкурсқа шағын, орта және ірі кәсіп иелері де қатыса алады.


Мемлекет есебінен бөлінетін субсидияны Қаржы орталығы қадағалайды. Мекеменің мәліметінше, жобаны қолға алған инвесторға қойылатын жалғыз ғана талап бар. Нысан тұрғызылғаннан кейін 20 жыл бойы студенттік үй есебінде тұру міндетті.


Асқар ИБРАИМОВ, "ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ" АҚ ПРЕЗИДЕНТІ:


- Жобаға Үндістан, Сингапур елдерінің инвесторлары қызығып отыр. Әрине, біз бірінші кезекте өзіміздің кәсіпкерлерді қолдаймыз. Кейін барып шетелдік инвесторларға ұсынамыз. Қазынадан бұған жеке қаржы да қарастырылған. Оны жойылып кетеді немесе қысқарып кетеді деп қауіптенбесе болады.


Былтыр ел аумағында мемлекеттік тапсырыс бойынша 3000 студентке арналып жатақхана салынған. Ал биыл оның санын 5000-ге көбейту жоспарланып отыр. Бүгінде Алматы, Шымкент, Қарағанды қалаларындағы студенттер үйінің құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін Маңғыстау, Жамбыл облыстарындағы жатақханалар пайдалануға берілмек. Жалпы алғанда, 2022 жылға дейін кемінде 75 000 студент жатын орынмен қамтылатын болады.


 astanatv.kz




Көрілген: 508    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.09.2019, 10:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30