Нарық

Қазақстанда жеке кәсіпкерлікті банк қосымшалары арқылы ашуға болады

  • Қазақстанда жеке кәсіпкерлікті банк қосымшалары арқылы ашуға  болады

    Қазақстанда жеке кәсіпкерлікті банк қосымшалары арқылы ашуға болады

Жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаны www.egov.kz порталында, сондай-ақ Kaspi.kz, Halyk Bank банк қосымшаларында жіберуге болады, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Жеке кәсіпкерді ашу үшін жеке тұлғадан дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберуі жеткілікті.
Бұдан былай қазақстандықтар Halyk Bank мобилді қосымшасында іске асырылған жаңа сервистің көмегімен  үйден шықпай-ақ жеке кәсіпкерлікті тіркей алады. Осыған дейін бұл хабарламаны www.egov.kz электрондық үкімет порталында, сондай-ақ Kaspi.kz қосымшасында жіберу мүмкіндігі болған. Хабарламаны Halyk Bank қосымшасында бірнеше батырмаларды басу арқылы жіберуге болады. «ЖК болу» сілтемесі бойынша өтсе жеткілікті. Одан кейін, жүйе алдағы қадамдарды ұсынады. Сондай-ақ, ЖК ашудың барлық процесі 5 минуттан аспайды.

Ескере кететін жайт, нысанды толтыру кезінде жеке тұлға қызметті жүзеге асыруды жоспарлап отырған облыстың мемлекеттік кірістер органының кодын, жеке кәсіпкердің атауын, мекен-жайын, жүзеге асырылатын қызмет түрін, сондай-ақ салық салу режимін таңдауы керек.

Хабарламаға жеке тұлғаның электронды цифрлық қолтанбасымен қол қою керек. Келесі күні жеке кәсіпкер ретінде тіркеуді мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында тексеруге болады.




Көрілген: 513    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.01.2021, 16:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31