Нарық

Қазақстанда жеке кәсіпкерлікті тіркеу тәртібі  

  • Қазақстанда жеке кәсіпкерлікті тіркеу тәртібі  

    Қазақстанда жеке кәсіпкерлікті тіркеу тәртібі  

 Өзінің шағын бизнесін ашуға шешім қабылдаған жеке тұлғалар бір күн ішінде жеке кәсіпкерлікті аша алады. Дара кәсіпкерлікті қалай тіркеуге болады және кәсіпкер ретінде тіркелу рәсімі туралы нені білу маңызды? Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде айтылды.

- Жеке кәсіпкерлік дегеніміз не?
Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалардың атынан, олардың тәуекелі мен мүліктік жауапкершілігі үшін жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметі жеке кәсіпкерлік.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының аумағында жеке кәсіпкерлік қызметін Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Ресей Федерациясының, Тәжікстан, Беларусь, Армения және Қырғыз Республикасының азаматтары жүзеге асыруға құқылы.

Жеке кәсіпкерлік жеке немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.

Жеке кәсіпкерлікті жеке тұлға өзінің мүлкі негізінде дербес жүзеге асырады.

Бірлескен кәсіпкерлікті жеке кәсіпкерлер тобы жалпы меншік құқығында оларға тиесілі мүлік негізінде жүзеге асырады.

- Жеке кәсіпкерлікті қалай тіркеуге болады?
Жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою үшін жеке тұлға орналасқан жері бойынша салық органына хабарлама жібереді. Жеке кәсіпкер ретінде тіркеу қызметі тегін.

Жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаны 2 тәсілмен жіберуге болады:

- электронды түрде - Қазақстан Республикасының электронды лицензиялау e-license порталы арқылы;

- келу тәртібімен қағаз түрінде - мемлекеттік кірістер органдарының қызмет көрсету орталықтары немесе "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы арқылы.

Жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаны Kaspi.kz, Halyk Bank банктік қосымшалары арқылы да беруге болады.

Салық органдары салықтық өтінішті алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жеке тұлғаны дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюды жүргізеді.

Жеке кәсіпкерді тіркеу үшін жіберілетін хабарламада кәсіпкер жұмыс істейтін салық режимдерінің бірін өз еркімен таңдауы қажет.

Кәсіпкер болғаныңызды www.kgd.gov.kz сайтында немесе "E-Salyq Azamat" мобильді қосымшасында тексере аласыз.

- Тіркелген жеке кәсіпкерге тіркеу деректерін қалай өзгертуге болады?
Жеке кәсіпкер орналасқан жері бойынша салық органына оның тіркеу деректері немесе бірлескен кәсіпкерлікке қатысушылар (мүшелер) туралы деректер өзгерген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей хабарламаны табыс етуге міндетті.

Тіркеу деректерін өзгертуді салық органы дара кәсіпкерден хабарламаны алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.

BAQ.KZ




Көрілген: 927    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.04.2021, 21:11

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30