Нарық

Қазақстанда жолдардың сапасын смартфон арқылы бағалау мүмкін болмақ

  • © BAQ.KZ

    © BAQ.KZ

Қазақстанда смартфон арқылы жол сапасына баға беруге болатын мобильді қосымша әзірленіп жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Парасаттылық департаментінің директоры Данияр Сабырбаев мәлімдеді.


"Қыркүйекте жолдарға азаматтық баға беру жүйесін іске қосамыз. Әрбір смартфонды жол сапасының анализаторы ретінде пайдалануға болады. Телефонға арналған қосымша әзірлеп жатырмыз. Оны жүктеген соң ел ішінде көлікпен жүргенде телефон дірілі (вибрация) жол сапасын өлшейді. Бұл Қазақстанда жолдар сапасына азаматтық бақылау және мониторинг жасауды қамтамасыз ететін алғашқы жоба болмақ", - деді Сабырбаев.


Оның сөзінше алынған мәліметтер смартфоннан тікелей publicbudget.kz сайтына келіп түседі және болашақта мемлекеттік органдарға осы мәліметтерді жолдарды жөндеуге кететін шығыстарды жоспарлау кезінде пайдалануға мүмкіндік бермек.


"Телефоныңызда қозғалыс хабаршысына (датчик) жауап беретін акселератор бар. Жүрген кезде әр адымыңызды есептейді. Осы датчикті жол сапасын бағалау мақсатында қолдануға болады. Смарфоныңызды аспаптар панеліне қойып жүресіз. Жол жақсы болса телефоныңыз сол орнында тұрады. Егер жолда төмпешік немесе шұңқыр болса телефон дірілдейді. Жобаға көп адам қатысса, жол сапасына объективті баға бере аламыз. Адамдар жол сапасын көруі үшін датчиктердегі ақпарат бірден publicbudget.kz картасына түседі",- деді департамент директоры. 


baq.kz




Көрілген: 696    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.08.2019, 15:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31