"БанкЦентрКредит" АҚ басқарма басшысы Ғалым Құсайынов мемлекеттік бағдарламаларды сынға алды. Банкирдің сөзінше, барлығына көмегі тиеді деп қабылданған шешімдер белгілі азаматтар тобының қызығушылығын қанағаттандырады. Ол бұған мысал ретінде бірнеше мемлекеттік бағдарламаларды атап, кемшіл тұстарын көрсетті. Сонымен қатар жылжымайтын мүлік пен автокөліктің неліктен қымбат екенін де айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ғалым Құсайынов Facebook парақашасында жариялаған жазбасында "7-20-25" бағдарламасының тұұрғын бағасының өсуіне әсер еткенін мәлімдеді.
"Зейнетақы қорындағы қаржының берілуі адамдарға ипотека алуға және тұрғын үй жағдайын жақсартуға септігін тигізуі керек еді. Алайда жылжымайтын мүлік бағасы өсіп, тұрғын үй қаржы жинап үлгермегендер мен баспасы жоқ азаматтар үшін қолжетімсіз болып кетті. Сонымен қатар бұл бағдарламалардың барлығы елдегі инфляция деңгейінің өсуіне, пәтер және өзге де заттардың қымбаттауына әкеп соқты", - деп жазды Құсайынов.
Банкир осының салдарынан еңбек нарығына енді аяқ басқан жастардың және жас отбасылардың үйлі болуға мүмкіндігі болмай отырғанын айтады.
"Мұндай бағдарламалардан құрылыс компаниялары, құрылыс материалдарын жеткізушілер, байлар мен зейнетақы қорында жеткілікті қаржысы бар орта деңгейдегі азаматтар пайда көруде. Ал баспанасы жоқ, тұрғын үй сатып алмаған азаматтар әлі біраз уақыт күтуі керек", - деп қосты ол.
Сарапшы автокөлік саласын да айналып өтпеді. Сөзінше, елімізде азаматтардың жаңа көліктермен жүруі үшін республика аумағында көлік өндірісін іске қосқан.
"Мен бұған дейін де автоөндіріс саласында бәсекеге қабілетті бола алмайтынымызды жаздым. Өндірісте мемлекет үшін үстінен қаржы қосылмайды. Утильдік алым, баж салығы мен көлікті есепке алу үшін алым енгізді. Нәтижесінде біздің көліктер өзге елде өндірілген көліктерге қарағанда 30-40%-ға қымбат. Көліктер қол жетімсіз болып кетті. Тұрғындарды көлікпен қамту үшін сырттан кіргізген әлдеқайда арзанға түсер еді. Мұнда көлік өндіруші зауыттар мен дилерлер пайда көруде", - дейді Ғалым Құсайынов.
Сарапшының айтуынша, мұндай мысалдар өте көп. Мәселен, қарызды эмиссия арқылы кешіреді, бірақ бұл үшін халық инфляция арқылы төлеп отыр. Тауар экспортына тыйым салынды, ал тапшылық болғанда келешекте бұл үшін көбірек төлейтін боламыз дейді.
"Мәселе шешім қабылдауда. Талқыға салынбайды, сараптама жоқ, барлық тараптың ойы еленбейді, өз басшысына мұның дұрыс емес екенін айтатын қызметкер жоқ. Дамыған елдерде басшының міндеті – қол астындағылар ұсынған нұсқалар ішінен дұрыс шешім қабылдау. Дау немесе пікірталас болуы мүмкін, бірақ бұл жақсы. Алайда бізде бұлай жұмыс істемейді", - дейді сарапшы.
Ғалым Құсайынов басшылықты іріктеу таныстық немесе қарым-қатынас, жүйеде жұмыс істеген уақыты арқылы емес, нәтиже мен кәсібилік негізінде жүру керегін мәлімдеді.