Қазақстанда қантты экспорттауға тыйым салынады

14 мамыр 2022, 01:33

Қазақстанда қант экспортына тыйым салынады. Ақ қант пен құрақ қант шикізатына шектеу алты ай мерзімге енгізілмек, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
«Әлеуметтік маңызы бар азық – түлік тауары болып табылатын қант тапшылығының алдын алу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ақ қант және құрақ қант шикізатын Қазақстан Республикасы аумағынан экспорттауға алты ай мерзімге тыйым салу енгізеді»,- деп көрсетілген Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарламасында.