Нарық

Қазақстанда қарызға алған қаражатты игермегені үшін жауапкершілікке тартатын болады

  • Қазақстанда қарызға алған қаражатты игермегені үшін жауапкершілікке тартатын болады

    Қазақстанда қарызға алған қаражатты игермегені үшін жауапкершілікке тартатын болады

Қазақстанда қарызға алған қаражатты белгіленген мерзімде игермегені үшін жауапкершілік енгізіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев үкімет отырысында мәлім етті. 

 
"Мемлекеттік қарыз алуды жетілдіру аясында қарызға алған қаражатты белгіленген мерзімде игермегені үшін жауапкершілік енгізіледі. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдарға үшінші тұлғалар үшін борыштық міндеттемелерді қабылдауға тыйым салынады", - деді министр.

Оның айтуынша, заң жобасында нақтылау сипатындағы түзетулер де көзделген.

"Республикалық бюджетті нақтылау жағдайлары айқындалатын болады. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамының мазмұнын нақтылау көзделеді. Заң жобасын қабылдау, бюджеттік рәсімдерді жетілдіруге және бюджетті атқару сапасын арттыруға мүмкіндік береді", - деді Әсет Ерғалиев.

Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бюджет заңнамасын жетiлдiру мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. 




Көрілген: 901    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.04.2021, 11:00

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30