Нарық

«Қазақстанда кедейлер көбейді» - сарапшылар

  • «Қазақстанда кедейлер көбейді» - сарапшылар

    «Қазақстанда кедейлер көбейді» - сарапшылар

Елде табысы күнкөріс деңгейінен аз 1,1 миллион адам бар. 

Індет кезінде Қазақстанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз адамдар саны 5,7 пайызға артқан. Бұл туралы статистика комитетінің дерегін зерттеген аналитикалық Finprom сайты хабарлады. 2019 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз ақша алатын адамдар 4,2 пайызды құраған. Бұл 2011 жылдан бергі ең нашар көрсеткіш, деп жазады Азаттық сайты.

Ақпарат бойынша, кедейлер саны жағынан Түркістан (12,8%), Солтүстік Қазақстан облысы (7,4%), Жамбыл облысы (6,9 процента) алда тұр. Нұр-Сұлтан (1,4%), Қарағанды (2,4%), Атырау (3,1%) облыстары қалған аймақтармен салыстырғанда "ауқаттырақ" болып шыққан.

Алматы мен Шымкентте тұрғындардың табысы былтырмен салыстырғанда азайған. Алматыда кедейлік деңгейі - 6,2 пайыз (былтыр екінші тоқсанда 2,6 пайыз болған), Шымкентте 6,4 пайызды (екінші тоқсанда 3,1 пайыз) құраған.

Зерттеушілердің айтуынша, Қазақстанда экономикалық белсенділік төмендеп, коронавирус дағдарысының әсері қатты біліне бастаған тұста "кедейлену" тренді барлық өңірде байқалған. Елде табысы күнкөріс деңгейінен аз 1,1 миллион адам бар.

Шілде айында Дүниежүзілік банк індеттің кесірінен Қазақстанда тағы 800 мың адам кедейлер қатарына қосылады деп болжаған еді. 2020 жылы кедейлік деңгейі "болжалды" 8,3 пайыздан 12,7 пайызға дейін артуы мүмкін.




Көрілген: 516    Пікірлер: 0

жұма, 25.09.2020, 19:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31