Нарық

Қазақстанда көлікті техникалық тексеруден бас тартылмайды

  • Қазақстанда көлікті техникалық тексеруден бас тартылмайды

    Қазақстанда көлікті техникалық тексеруден бас тартылмайды

Қазақстанда көлікті техникалық тексеруден бас тарту мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Бүгін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіндегілер осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мемлекетте көлікті техникалық тексеруден өткізуден бас тарту мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Себебі көлікті мерзімді түрде техникалық бақылаудан өткізу әлемдік тәжірибе болып табылады және адамдардың өмірі мен денсаулығының, жол қозғалысының қауіпсіздігі қамтамасыз ету мен қоршаған ортаға әсерін төмендетуге бағытталған» - дейді министрліктегілер.


Ведомстводағылар шет мемлекеттерде тіркелген көліктерге техникалық тексеру жүргізетін тұлғалардың қызметіне тоқталды.


«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі техникалық тексеру тізімдемесіне енгізілген операторлардың міндетті техникалық тексеруді ұйымдастыру және өткізу тәртібін сақтауына қатысты мемлекеттік бақылау жүргізіп отырады», - дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіндегілер.


Сонымен қатар «Жол қозғалысы туралы» заңға енгізілген өзгертулерге сәйкес, техникалық тексеруді көліктің өзін тексерместен немесе суреті арқылы тексеруден өткізуге болмайды.  




Көрілген: 575    Пікірлер: 0

сенбі, 13.07.2019, 09:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31