Нарық

Қазақстанда коллекторлар қылмыстық жауапқа тартылмақ

  • Қазақстанда коллекторлар қылмыстық жауапқа тартылмақ

    Қазақстанда коллекторлар қылмыстық жауапқа тартылмақ

Елімізде коллекторларды қылмыстық жауапқа тарту мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олег Смояков Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қаржылық қызмет тұтынушыларының құқығын қорғауды күшейту үшін биыл біздің агенттік заңнамалық түзетулер енгізу бастамасын көтерді. Нәтижесінде реттеушілік сипаттағы шаралар қабылданды. Атап айтар болсақ, биыл мамырда банктік, микроқаржы және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша заң қабылданды. Жаңа заңда банктер мен микроқаржы ұйымдар алдындағы азаматтардың мерзімі өткен берешегін қайтару тәртібі қайта қаралған. Сондай-ақ банктердің барлық ипотекалық қарыздар бойынша сыйақылары, тұрақсыздық айыбы, комиссиялар мен өзге де төлемдер төлеуді талап етуіне тыйым салу енгізілген", - деді Олег Смоляков.

 
Сонымен қатар агенттік басшысының орынбасары коллекторлар үшін қосымша шектеулер енгізілгенін айтып өтті.

"Президенттің тапсырмасы бойынша коллекторлық ұйымдардың заңсыз әрекеттерінен азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында біздің агенттік коллекторлық агенттік қызметкерлеріне қатысты әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қарастыруды ұсынып отыр. Бүгінде Бас прокуратура ұсыныс жасалып, коллекторлар қызметін реттеуді қатаңдату бойынша қосымша шаралар пысықталып жатыр", - дейді ол.




Көрілген: 571    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.11.2021, 11:42

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Желтоқсан 2021
    Доллар бағамы төмендеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31