Нарық

Қазақстанда құрастырылған ең арзан автокөліктердің бағалары қандай

  • arkwrightinsurance.co.uk

    arkwrightinsurance.co.uk

Қазақстан автозауыттарында құрастырылған автокөліктерді шетелдік модельдерден қарағанда арзанырақ бағамен сатып алуға болады. Бұған қоса, оларды жеңілдетілген шарттармен алуға мүмкіндік бар. Нурфин редакциясы елімізде құрастырылған автокөліктердің бағаларымен танысып, ең арзандарын назарларыңызға ұсынуды жөн көрді.


1. Lada Granta SE Classic, 3 145 000 теңге


Бұл 2019 жылы шығарылған аталған модельдің ең қарапайым комплектациясының минималды бағасы. Автокөлік механикалық беріліс қорабымен және стандартты комплектациямен жабдықталған. Елімізде құрастырылған автокөліктер тізімінде ең арзаны – Lada.



2. Ravon Nexia R3, 3 469 000 теңге


Қазақстанда құрастырылған Ravon маркалы автокөлігінің ең арзан бағасы осы. Ол Comfort комплектациясымен және механикалық беріліс қорабымен жабдықталған.



3. Рeugeot 301, 3 990 000 теңге


Бұл аталған маркалардың ішіндегі қозғалтқыш көлемі ең аз – 1,2 литр болатын автокөліктің бағасы. Ол механикалық беріліс қорабымен жабдықталған, ал комплектациясы бұдан 1 млн теңгеге қымбат тұратын аталған марканың қозғалтқыш көлемі көбірек автокөліктерімен бірдей.



4. Chevrolet Niva L, 4 599 000 теңге


Елімізде құрастырылған жол талғамайтын көлік те механикалық беріліс қорабымен жабдықталған. Осы маркалы өзге автокөліктерден сыртқы дизайны мен комплектациясының қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Мысалы, бұдан қымбатырақ Chevrolet Niva-лардың бүйірлік айналарының корпусы кузовтың түсімен боялған.



5. Kia Picanto, 4 790 000 теңге


Бұл баға тек ақ түсті хетчбектерге арналған. Дәл осы модельдегі автокөліктердің басқа түстері 40 мың теңгеге қымбатырақ. Елімізде құрастырылған Kia автокөлігінің ең арзан түрі автоматты беріліс қорабымен және Classic комплектациясымен жабдықталған.



6. JAC S3, 4 920 000 теңге


Бұл кроссовер осы маркалы қымбатырақ автокөліктерден тек комплектациясымен ғана ерекшеленеді. Сондай-ақ JAC S3 осы модельдердің арасында механикалық беріліс қорабымен жабдықталған жалғыз автокөлік.



7. УАЗ Патриот, 5 700 000 теңге


Қазіргі таңда бұл Қазақстанда құрастырылатын 2019 жылғы УАЗ автокөліктерінің ең арзан түрі. "Патриот" корпусының заманауи дизайнымен ерекшеленеді. УАЗ автокөліктерінің барлығы механикалық беріліс қорабымен жабдықталған.



8. Hyundai Accent, 6 090 000 теңге


Бұл аталған маркалы автокөліктердің механикалық беріліс қорабымен жабдықталған жалғыз түрі. Қымбатырақ модельдердің беріліс қорабы автоматтандырылған. Олардың ең арзаны бұдан 200 мың теңгеге қымбат тұрады.



9. Skoda Octavia FL, 7 090 000 теңге


Бұл да аталған маркалы автокөліктердің механикалық беріліс қорабымен жабдықталған жалғыз түрі. Комплектациясы – Active. Ал автоматтандырылған беріліс қорабы бар дәл осындай моделі 500 мың теңгеге қымбатырақ.



Сонымен қатар, Қазақстанның автозауыттарында Iveco мен Ankai маркалы автобустар, қоқыс тасушы көліктер, самосвалдар мен өзге де арнайы техникалар құрастырылады.


NUR.KZ

 




Көрілген: 468    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.12.2019, 17:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31