Нарық

Қазақстанда макарон қымбаттап кетті

  • Қазақстанда макарон қымбаттап кетті

    Қазақстанда макарон қымбаттап кетті

Бір жыл ішінде макарон өнімдерінің бағасы 11%-ке өскен. Ал өндіріс бірден 13%-ке төмендеді.

Energyprom.kz мәліметінше, осы жылдың қаңтар-тамызында Қазақстанда 100,8 мың тонна макарон, кеспе, кускус және өзге де осыған ұқсас ұн өнімдері өндірілген. Алайда бұл былтырғыға қарағанда 13,3%-ке аз.

Өңірлер арасында макарон шығару жағынан Шымкент көш бастады – 17,8 мың тонна. Үздік үштікке Нұр-Сұлтан (16,7 мың тонна) және Батыс Қазақстан облысы (15,1 мың тонна) кірді.

2021 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша отандық компаниялар макарон өнімдеріне сұранысты 82,3%-ке қамтамасыз етті. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 84,7% болатын. Елге 18,9 мың тонна өнім әкелінді – былтырғымен салыстырғанда 2,2%-ке көп.

Ішкі нарықта өнім өткізу бір жылда 20,5%-ке, 71,3 мың тоннаға дейін төмендеді. Ал экспорт 11,9%-ке, 35 мың тоннаға дейін өскен.

"Тамыз айының қорытындысы бойынша макарон өнімдері бір айда 1,3%-ке, ал бір жыл ішінде 11,1%-ке қымбаттады. Әсіресе, Атырау облысында (22%-ке), Қызылорда (18,4%-ке) және Қарағанды облыстарында (17,5%-ке) баға қатты өсті", - делінген хабарламада.
Макарон өнімдері арасында бір жыл ішінде кеспе 12,4%-ке, спагетти 11,5%-ке, вермишель 10,9%-ке, рожки 10,7%-ке қымбаттады.

Қыркүйекте базарлар мен дүкендерде кеспенің бір келісі 782 теңге, вермишель 374 теңге, рожки 361 теңге тұрды.

Бұған дейін Қазақстанның астық одағы макарон өнімдерінің бағасы өсетінін мәлімдеген еді. Өйткені нарықта шикізат құны көтерілген. Оған биылғы құрғақшылық салдарынан бидай түсімінің аз болуы себеп.

sputnik.kz




Көрілген: 613    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.10.2021, 14:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қараша, 14:31
    Мұнай күрт қымбаттады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31