Нарық

Қазақстанда мал басына шектеу қойылмақ: Сарапшылар ауыл шаруашылығы министрлігінің жаңа заң жобасына қарсы шықты

  • Қазақстанда мал басына шектеу қойылмақ: Сарапшылар ауыл шаруашылығы министрлігінің жаңа заң жобасына қарсы шықты

    Қазақстанда мал басына шектеу қойылмақ: Сарапшылар ауыл шаруашылығы министрлігінің жаңа заң жобасына қарсы шықты

Бұған дейіін Арон Атабектің асистолия түрі бойынша қан айналымының тоқтауынан көз жұмғаны айтылған. 

 
“Ағымдағы жылдың 5 қазанында дәрігерлік бригаданың тексеруінен және КТ растауынан кейін А. Едыгеевке "Аса ауыр дәрежедегі коронавирустық инфекция" диагнозы қойылды. Бірақ ол ауруханаға жатудан бас тартты. Содан кейін жекеменшік емдеу мекемесінде ем алған. Оның №17 қалалық емхананың мобильді бригадасының білікті медициналық көмегінен бас тартқаны туралы құжаттық негіздеме бар. 

Бұдан соң А. Едігеев ағымдағы жылдың 14 қазан күні  "МККО" ЖШС жансақтау бөліміне "Өте ауыр дәрежедегі коронавирус инфекциясы" диагнозымен ауыр халде түсті. "МККО" ЖШС клиникасына түскен сәттен бастап А.Едігеев қаланың Қоғамдық денсаулық басқармасы емдеу бригадасымен тұрақты байланыста болды, қажетті консультациялық-диагностикалық көмек көрсетілді”, – деді басқармадан. 

Айта кетсек, Арон Атабек кеше, 24 қазанда дүниеден озған болатын. 

Ол 2006 жылдың 14 шілдесінде Алматының іргесіндегі тұрғындар заңсыз басып алынған жерлерде салынған үйлерді бұзуға жіберілген полицияға қарсылық көрсеткен "Шаңырақ оқиғасынан" кейін сотталған.

Қақтығыс кезінде 24 жастағы полицей қаза тапты. Полицейді наразылық білдірушілер бағанаға байлап, өртеп жіберген. Билік оның өліміне бірнеше жергілікті тұрғын мен сол күні Шаңырақта болған Арон Атабекті айыптады.

Арон Атабек 2006 жылғы “Шаңырақ” оқиғасынан кейін 18 жылға сотталып, 15 жылын түрмеде өткізді. Құқық қорғаушылар оны “саяси тұтқын” деп таныған.

Еске салсақ, бұған дейін Арон Атабектің жазасы жеңілдетілгені айтылған еді. Ол түрмеден босатылып, қалған мерзім бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылған. 

Қоғам қайраткерінің отбасы оны ақтап шығу үшін және жазаны алып тастау үшін ары қарай күресетіндерін жеткізген. Себебі қазіргі күні Атабекке шетелде ем алу қажет екен. 




Көрілген: 439    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.11.2021, 12:30

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қараша, 14:31
    Мұнай күрт қымбаттады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31