Нарық

Қазақстанда мұқтаж жандар үшін жалдамалы пәтердің 80%-ы төленуі мүмкін

  • https://bankchart.kz/

    https://bankchart.kz/

Онлайн-брифинг барысында үкімет жалдамалы үйде тұратын мұқтаж қазақстандықтар үшін пәтер ақысын қалай субсидиялайтынын айтты. Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында адамдарға көмек көрсету туралы айтқан еді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Үкімет 2020 жылдың соңына дейін жалдау ақысын субсидиялаудың нақты механизмін әзірлеуге уәде берді.

 

"Бізде 530 мың адам кезекте тұр (тұрғын үй кезегінде - авторлық ескерту). Тұрғын үйді жалдау құнының бір бөлігін субсидиялау көзделген. Бүгінде мемлекеттік органдармен жұмыс көлемін қарастырудамыз. Бұл шамамен 70-80%", - дейді Инвестициялар және даму министрлігі басшысы Бейбіт Атамқұлов.

 

Мұндай қолдау критерийлері әлі бекітілген жоқ, алдын-ала болжам бойынша, олар келесідей болуы мүмкін:

 

"Қолдаудың атаулы бағытын Отбасы банк анықтайды, ол Қазақстандағы кезекте тұрған адамдардың бірыңғай тізілімін жүргізеді. Біз мына параметрлерді анықтаймыз: ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін табыстың болуы. Бүгінде бұл 32 668 теңгені құрайды. Сондай-ақ, жалға алу мерзімі - 5 жылға дейін болуы. Мұқтаж жанның мәртебесін растау арқылы мерзімді ұзартуға болады. Пәтердің орташа ауданы - 60 шаршы метр", - деді министр.

 

Ол нақты параметрлер 2020 жылдың соңына дейін қабылданып, оны үкімет бекітетіндігін айта кетті.

 




Көрілген: 396    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.09.2020, 21:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31