Нарық

Қазақстанда наурыз бен сәуір айларының мөлшерлемесі қайта қаралды

  • Қазақстанда наурыз бен сәуір айларының мөлшерлемесі қайта қаралды

    Қазақстанда наурыз бен сәуір айларының мөлшерлемесі қайта қаралды

ҚР Ұлттық банкі наурыз бен сәуір айларының мөлшерлемесі қайта қаралғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры базалық мөлшерлеменің өсуіне байланысты теңгедегі депозиттер бойынша 2020 жылдың наурыз бен сәуір айларына ұсынылған ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін қайта қарады. Ағымдағы жылдың 10 наурызынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі жылына 12 пайыз деңгейінде бекітілді.

Еске сала кетсек, жеке тұлғалардың қайтадан тартылған депозиттері бойынша максималды сыйақы мөлшерлемесін анықтау және бекіту әдістемесіне сәйкес ұсынылған мөлшерлемелер базалық мөлшерлеме өзгергенде қайта қаралып, ол бекітілген күннен бастап күшіне енеді.

Өзгерістер мерзімсіз салымдарға қатысты орын алды. Өйткені бұл салымдар Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесі негізінде есептеледі. Сонымен мөлшерлемелер 9,8 пайыздан 12,5 пайызға дейін өсті. Сонымен қатар 3 және 6 айлық мерзімді депозиттер және 3 айлық жинақ ақша салымы бойынша мөлшерлемелер де 13 пайызға дейін жоғарылады.

Айта кетелік, аталған депозиттер бойынша мөлшерлемелер мына мәндердің ең үлкеніне тең болады: орташа өлшемді нарықтық сыйақы мөлшерлемесі плюс спред немесе базалық мөлшерлеме плюс спред. 




Көрілген: 204    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.03.2020, 07:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Наурыз, 11:43
    Доллар 402 теңге болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31