Нарық

Қазақстанда несие төлеу мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін

  • Қазақстанда несие төлеу мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін

    Қазақстанда несие төлеу мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін

Қазақстандық кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалардың жеңілдікті шарттары бойынша несие мерзімін ұзартуға мүмкіндік берілді. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет отырысында Әбілқасымова 16-наурыздан 15-маусымға дейін жеке тұлғалар мен шағын және орта бизнеске несие бойынша төлемдер жасау кейінге қалдырылғанын айтты. Нәтижесінде 1,8 миллион адам немесе барлық жеке қарыз алушылардың 34 пайызы кешіктіруді пайдаланған. Кейінге қалдырылған төлемдер сомасы 268 млрд. теңгені құрады.

"Төтенше жағдай режимінің аяқталғанына қарамастан, ШОК субъектілерінің қызметін қалпына келтіру біркелкі емес және толық емес, тауарлар мен қызметтерге сұраныстың төмендеуі байқалады, тауар айналымы мен кіріс төмендеді, сондықтан алынған несиелер бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігі төмендеді. Шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар жүзеге асырылуда. 2020 жылдың 16-маусымы мен 15-қыркүйегі аралығында ШОБ субъектісі қосымша қолдау шараларын сұрап банкке немесе микроқаржы ұйымына жүгінуге құқылы. Несиелік ұйымдар әр кәсіпкер үшін жеке-жеке оның қаржылық жағдайын, төтенше жағдайлар мен карантиннің қаржы-шаруашылық қызметіне әсерін және ШОБ қаржылық жағдайын қалпына келтіру перспективаларын бағалайды", - деді Әбілқасымова.

Бірінші бағыт - қаржылық жағдайды қалпына келтіру үшін белгілі бір уақытқа кейінге қалдырылған төлемдерді ұсыну.

Екіншісі - нарықтық мөлшерлемемен несие беретін шаруашылық жүргізуші субъектілерді қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар аясында жеңілдетілген шарттармен қарыздарды қайта қаржыландыру.

"Барлық ШОБ, оның ішінде кейінге несиелері кейінге қалдырылған адамдар да осы мүмкіндікті пайдалана алады", - деп қосты ол. 




Көрілген: 363    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.06.2020, 10:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31