Қазақстанда орташа жалақы көлемі өсті

15 қазан 2021, 14:43

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, бір қызметкерге шаққандағы орташа айлық номиналды жалақы 2021 жылдың қыркүйегінде 257 030 теңгені құрады. Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

2021 жылдың қыркүйегінде жұмыссыздар саны 451,6 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің 4,9% құрайды.

Жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар саны ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңында 210,1 мың адамды құрады.
 

sn.kz